І.Испанов Орынбор қаласында жұмыс сапарында жүр

І.Испанов Орынбор қаласында  жұмыс сапарында  жүр
12.06.2018 Мемлекеттік басқарма

Қала басшысының Орынбор қаласына жұмыс сапары аясында І.Испанов «Экоспутник» серіктестігінде болды. 

Алғашқы кезде компания қалдықтарды шығарумен ғана айналысты. Кейін қаланы дамыту тұжырымдамасына сәйкес «Экоспутник» компаниясы Орынбор қаласында қалдықтарды сұрыптау кешені құрылысын бастап, 2014 жылы іске қосты. 

Кешеннің өндірістік қуаты жылына 250 000 тоннаға дейін қатты қалдықтарды қабылдап, сұрыптауға, полигонға тасталатын қалдықтар көлемін 40 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Зауытта материалдарды іріктеп, ұзақ мерзімге сақтауға болады (әйнек – 1000 жыл, полиэтилендер мен пластмассалар – 200-500 жыл, металдар – 500 жылға дейін). 

Сұрыптау кешені 100 жұмыс орынын ашуға, полигонға тасылатын қалдықтарды азайтуға және қала мен облыс бюджетіне түсетін салық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2015 жылы қалдықтардың жекелеген түрлерін қайта өңдеу желісі іске қосылды.