Хабарландыру
16.11.2020 Жалпы

«Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ-де белгіленген мерзімде есептік тіркеуден өтпеген ұйымдар туралы ақпарат (Ақтөбе өңірі бойынша).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлғалар (кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда) 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік қайта тіркеуге жатады.

Заңның 4-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілмеген заңды тұлғалар 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес есептік тіркеуге жатады.

Бүгінгі күні белгіленген мерзімге дейін есептік тіркеуден өтпеген және микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде тіркелген бірқатар заңды тұлғалар, сондай-ақ Заңның 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген заңды тұлғалар бар (тізім қоса беріледі).

Тізім