Елордада "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтуде

Елордада "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтуде
23.04.2019 Мемлекеттік басқарма

Съезд Елбасы - ҚР Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордалық Тәуелсіздік  сарайында өтіп жатыр.  "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезінің жұмысына  1,5 мыңдай адам қатысуда. Олардың қатарында 600-ден астам делегат аймақтық конференцияларда сайланған Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық xолдингтер мен компания басшылары, азаматтық қоғамдардың, үкіметтік емес және жастар құрылымдарының, xалықаралық ұйымдардың, дипломаттық корпустардың, бастапқы партиялық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, партия ардагерлері бар.