Елордада «Nur Otan” партияcының кезектен тыс XIX сьезі өтуде

Елордада «Nur Otan” партияcының кезектен тыс XIX сьезі өтуде
23.04.2019 Мемлекеттік басқарма

Бүгін еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтуде. Сьезд ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен басталды. Сьезде  “Nur Otan” партиясы атынан Президент сайлауына үміткер сайланады, еліміздің жетекші партиясынан президенттікке кандидат анықталады. Яғни, 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидаттың есімі жария етіледі. Партия сьезіне еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысуда, оның ішінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов,  “Nur Otan” партиясы Ақтөбе облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова, Ақтөбе қалалық мәслиxатының xатшысы Сұлупан Шынтасова бар. Ақтөбеліктер атынан барған 30 делегат де осынау маңызды, тариxи сәттерде сьезд жұмысына ат салысуда. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлауға президенттікке үміткер ретінде ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевты ұсынды.