Электронды еңбек биржасын қолдану мүмкіндіктері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Электронды еңбек биржасын қолдану мүмкіндіктері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді
12.09.2018 Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

  Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Халықты жұмыспен қамту органдарымен Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімшілігінде жұмыс берушілер арасында электронды еңбек биржасын қолдану мүмкіндіктері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесуге
  Ақтөбе облысының еңбек испекциясы басқармасы өкілі, сонымен қатар 50 кәсіпорындар мен мекемелер қатысты.
  Электронды еңбек биржасы – бұл бос жұмыс орындары мен азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін сандық алаң. Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz интернет-ресурсы негізінде жұмыс істейді.
  Ол үшін әрбір мекемеде ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болуы қажет және бос жұмыс орындарын жариялап, азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларын орындау керек.
   Бүгінгі күнге 1138 бос жұмыс орындары және 1800 түйіндеме жарияланған, Электрондық еңбек биржасы порталы арқылы 412 адам жұмысқа орналасты.
   Анықтама алу үшін Халықтық кеңсенің 1-қабатына (Сәңкібай батыр даңғылы, 249) немесе Жұмыспен қамту орталығына (Ш.Уәлиханов көшесі, 12) барып, жолығуыңызға болады. Ақпарат телефоны 21-44-74, 41-73-32
   Жұмыс уақыты дүйсенбі мен жұма аралығында: сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс 12-30-дан 14-00 аралығында.