Дәстүрлі емес дін жолындағы адамдармен жұмыстар жүргізілуде

Дәстүрлі емес дін жолындағы адамдармен жұмыстар жүргізілуде
23.11.2018 Мемлекеттік басқарма

Қазіргі таңда  Ақтөбе қаласы бойынша діни жағдай тұрақты деп айтуға болады. Бүгінгі күні қала аумағында дәстүрлі емес дін жолында жүрген тұлғаларға қатысты оңалту жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қала мектептерінде мектеп формасын сақтамай отырған оқушылар саны:

Оқу жылының басында Қазіргі таңда
43 оқушы 15 оқушы (10 отбасы)

Ақтөбе облысының білім саласын бақылау департаменті тарапынан мектеп формасын сақтамай жүрген оқушылардың 6 ата-анасына 5 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды және қалған 7 ата-анаға қатысты құжат әкімшілік жауапкершілікке тартуға жіберілді.

Қазіргі таңда 1649 баланың ата-анасы екпеден бас тартып отыр, екпе алып бастағандар – 73 бала.

Екпеден бас тартудың себептерін саралау бойынша:

- діни ұғымдағылар – 916 (55,5%);

- жеке бас пікірі – 515 (31,2%);

- екпеге сенімсіздік – 151 (9,1%);

- жағымсыз ақпараттар – 67 (4,0%) құрап отыр.

Сонымен қатар, екпеден бас тартқан балалардың ата-аналарына қатысты ақсақалдар кеңесі және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп  жекелеген түсіндіру жүмыстары жалғастырылуда.

Жоғарыда аталған мәселелер Ақтөбе қаласы әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынып, үнемі қадағалануда.