Димаштың ата-әжесі дауыс берді

Димаштың ата-әжесі дауыс берді
09.06.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласындағы Жаманқұлов көшесіндегі «Тұлпар» мектепке дейінгі ұйымының №23 сайлау учаскесіне Ақтөбенің даңқты перзенті, мегажұлдыз, әнші Димаш Құдайбергеннің ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуа Низамутдинова дауыс беруге келді.

«Еліміздің болашағы үшін өз үлесімізді қоспақ ниетпен сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруді азаматтық парызымыз деп есептейміз және ақтөбеліктерді, отандастарымызды, сыртта жүрген қандастарымызды осынау жауапкершілігі мол саяси оқиғадан қалыс қалмай, өз таңдауын жасауға шақырамыз!”,-дейді еліне абыройлы қариялар.