ДАНЫШПАННЫҢ СУРЕТІ ДАҢҒЫЛҒА САЛЫНДЫ
25.08.2020 Жалпы

    Абай даңғылындағы үйлердің бірінің қабырғасына Абайдың суреті салынды. Бұл - қала тұрғындары үшін ақынның 175 жылдығына арналған сыйлық.
    Суретті салуға бюджеттен қаражат жұмсалған жоқ. Демеушілердің көмегімен оны жергілікті суретші Төлеген Дарбаев салып берді.
    «Абайдың бейнесін салу - үлкен жауапкершілік. Үйдің қабырғасында сурет 10 жыл бойы сыры кетпей тұратынына кепілдік беремін. Бұл суретке 40 маусымға (сезон) шыдас беретін арнайы силикон бояу қолданылды», — дейді суретші.
    Айта кету керек, осыған дейін Төлеген Дарбаев «Батыр жыры» суретін, Әлия, Мәншүк бейнелерін үйлердің қабырғасына салып, қаланың көркін келтіруге үлес қосып жүр.