БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді

БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді
17.06.2019 Жалпы

«БЖЗҚ» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2019 жылдың 21 маусымында «Ашық есік күнін» өткізеді.  

Зейнетақы сұрақтары бойынша БЖЗҚ мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері («Азаматтарға арналған үкімет» МК, «МӘСҚ» АҚ, т.б.) келушілерге әр түрлі сұрақтар бойынша ақыл-кеңес береді.

Шараға қатысушылардың барлығы сауалнама арқылы зейнетақы жүйесі бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін қалдыра алады.    

Мекенжайы: Ақтөбе қ. Сәңкібай батыр даңғылы 249, «Халықтық кеңсе» ғимараты, «БЖЗҚ» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы кеңсесі, 1 қабат.

Өткізілетін уақыты: Сағ. 10:00-ден 17:00-ге дейін.