Бюро отырысы
16.02.2021 Жалпы

Бүгін «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы, Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының Саяси кеңесінің Бюро  отырысы өтті.
Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ақтөбе қаласы бойынша Жол картасының жобасы бекітілді.