Бүгінгі сенбілікке 1700 ақтөбелік шықты

Бүгінгі сенбілікке 1700 ақтөбелік шықты
27.07.2019 Жалпы

Көптеген ақтөбеліктер «Бірге – таза Қазақстан» эко-челленджін қолдап жатыр. Осылай, бүгін таңертең мал базар аймағында 1700 ақтөбелік сенбілікке шығып, 90 тонна қоқыс жиналды. 5 шақырымнан астам аймақ қамтылды.

Сонымен қатар қала әкімі Мавр Абдуллин Ақтөбенің дамуы үшін қалай еңбектену керектігін көрсетті. Банк саласы қызметкерлерінің челленджге қатысқаны көздің жауын алды. «Халық банк» жұмысшылары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен челленджді қабылдап, эстафетаны «Каспи банкіге» жолдады.

Бүгін «Халық банкінің» атынан 150-ден астам шықты. «Әрине, күнделікті қолымыз босамай жатады, дегенмен қала тұрғындарын осы бастаманы қолдап, эко-челленджге шығуға шақырып отырмын», -деді «Қазақстан Халық банкі» АҚ филиал директорының бірінші орынбасары Тұрғын Беисова.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, жастар да белсенділік танытуды тоқтатпай, көппен бірге қоқыс жинады.