Бүгін қаланың санитарлық тазалық жұмыстарына 585 адам тартылды
24.07.2020 Жалпы

Қазір Ақтөбе қаласы бойынша 6 мердігер мекемеде 250-ден астам адам және «Жасыл ел» жасағының маусым айында 214, ал шілде айында 132 студенті жұмыс істеп жүр. Олар күні бойы шөп жұлады, қоқыстарды тасиды, көше бойын, тротуарларды сыпырады, балшығын қырып тазалайды, аялдамаларды жуады, жол жиектерін, қоршауларды жуады.