Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов тұрғындармен 7-ші қорытынды кездесуін өткізді

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов тұрғындармен 7-ші қорытынды кездесуін өткізді
12.02.2018 Мемлекеттік басқарма

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласы әкімі І.Испанов ағымдағы жылы ауылдық округтердің және қала тұрғындарымен 7 есепті кездесу өткізді. 

Ақтөбе тұрғындары өз ұсыныстарын ұсынып, қала әкіміне 41-63-65 қызу желі телефоны, электрондық пошта esep2018@mail.kz немесе Instagram akimat_aktobe (direct) арқылы  сұрақтар қоюға мүмкіндік алды, сондай-ақ қаладағы бірнеше жерде арнайы орнатылған жәшіктерді қолдануда. 

Тұрғындармен 5 есеп беру кездесуі Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый және Сазды ауылдық округтерінде өтті. Қала әкімі Ақтөбе қаласы тұрғындарымен 2 кездесу өткізді.

Бүгін Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов тұрғындармен 7-ші қорытынды кездесуін өткізді. Оған Ақтөбе облысының әкім Б.Сапарбаев қатысты.

Сондай-ақ, кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері, қалалық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Қала әкімі І.Испанов 2017 жылдың Ақтөбе әлеуметтік-экономикалық даму, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, жұмыспен қамту, желілік инженерлік қызметтерді дамыту қорытындылары бойынша, жол-көлік желісін дамыту, облыс орталығының және ауылдық округтердің елді мекендерін абаттандыру, ауыл шаруашылығы, құрылыс, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ақылды қала» жобасын іске асыру, әлеуметтік сала және басқа 2018 жылға арналған міндеттерді белгіледі.

Бүгін түске дейін Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ғимаратында Ақтөбе қаласының әкімдігі ашық есік Күн өткізіп, азаматтарды қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

12 ақпанда сағ.10.00 ден 12.00-ге дейін қала тұрғындары алдын ала жазылусыз жүргізілген қабылдау кезінде өздерін толғандырған сұрақтары бойынша жолыға алды. Қабылдауға барлығы 70 адам келді. 

Тұрғындардың сұрақтарына қалалық мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде білім бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің және тұрғын-үй қорын есепке алу секторының, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, кәсіпкерлік бөлімінің басшылары жауап берді.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев кездесудің қорытындысын шығарды.

Барлық сұрақтар бойынша akimat@akt.gov.kz хабарласыңыз.

Портал жұмысына қатысты сұрақтар бойынша admin@akt.gov.kz хабарласыңыз.