Бүгін Ақтөбе қаласы әкімінің жанында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Бүгін Ақтөбе  қаласы әкімінің жанында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті
11.07.2018 Мемлекеттік басқарма

Қала әкімі Ілияс Испановтың төрағалымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиянының отырысында келесі сұрақтар қаралды:

1. Қоғамдық орындарда және қала көшелерінде орын алатын қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алудағы "Ақтөбе - қауіпсіз қала" аппараттық-бағдарламалық кешенінің бейнебақылау жүйесін пайдаланудың тиімділігі туралы. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау бойынша жүргізіліп отырған жұмыс туралы.

Баяндаған «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы» ММ-ның жергілікті полиция қызметінің бастығы Сыдықбаев Бақытбек Түсіпбекұлы және «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Қазбаева Ақнұр Тәуіржанқызы

2. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс және құқық бұзушылық жағдайы туралы.

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың, жасөспірімдердің, сонымен қатар полиция есебінде тұрған балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.

Баяндаған «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Жақсыбаева Айсулу Берікқызы

3. Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан ойын-сауық және көңіл көтеру орындарындағы криминогендік ахуалдың жай-күйі.

Баяндаған «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы» ММ-ның жергілікті полиция қызметінің бастығы Сыдықбаев Бақытбек Түсіпбекұлы

Комиссия отырысын қорытындылай келе, Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметіне және мемлекеттік мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді:

1. Ақтөбе қаласының ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің бастығына:

- құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру жолымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жандандырсын;

-«Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекцияся бөлімі» ММ -мен бірлесіп азаматтардың тұрғын үйлеріне кіріп жасалынатын ұрлықтардың алдын алу мақсатында «Көрші қарауы» жобасын енгізу жөнінде жұмыстар жүргізсін;

- Ақтөбе облысы бойынша бөтеннің мүлкін ұрлау профилактикасы жөніндегі 2018 жылға арналған ведомствоаралық жоспардың орындалуын ерекше бақылауға алсын.

2. «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының м.а.:

- пәтер иелері кооперативі және кондоминиум төрағаларының қатысуымен көп қабатты үйлердің аулаларын жарықтандыру, үйлердің кіреберістерін металл есіктермен нығайту, электрондық кодтық құлпы бар құрал-жабдықтармен, домофондармен және бейнебақылау жүйелерімен, пәтерлерді күзетуге консьерждерді тарту, сондай-ақ көзбен шолу және дыбыстық хабарлаумен объектілерінің аумағында видеобақылау жүріп жатқаны туралы (маңдайша, тақтайша, дауыс зорайтқыш байланыс және т. б.) қажеттілігі жөнінде кездесулер өткізсін.

3.«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысының м.а.:

- мектеп каникулдары кезеңіңде ішкі істер органдарында есепте тұрған және қолайсыз отбасыларда тұратын кәмелетке толмағандардың бүкіл каникул кезеңіндегі бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;

- оқу орындары оқушыларын еңбекпен қамтуды және олардың бос уақытын тиімді өткізуді қамтамасыз етсін.