Бос  жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
05.10.2020 Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

Бұл жолғы жәрмеңкеде «Ерхат жолдары» ЖШС, «МунайГазИнжиниринг» ЖШС, «Өтес» ЖШС, «Байсын А» ЖШС, «Жалаугер НС» ЖШС, және т.б. компаниялар өздеріндегі бос орындарды ұсынды. Жалақы көлемі 85 мыңнан 150 мың тг құрайды.
 «Еңбек» бағдарламасы аясында 13000-нан астам жұмыссыз белсенді шараларға және тұрақты жұмысқа бағытталды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қала бойынша 111 инфрақұрылымдық  жобаға 7370  жаңа жұмыс орнын құрып, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 3685 адамды еңбекпен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 103 жобаға 5400 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 3200-і Орталықтың жолдамасымен бағытталды.
Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге электронды еңбек биржасы порталынан  да (Enbek.kz) ақпарат алуға болады. Оларға электронды еңбек шарттарын жасақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні порталда Ақтөбе қаласы бойынша 1500 бос жұмыс орны туралы ақпарат мен 3800 резюме бар.
Орталықта 2906 жұмыссыз тіркелген, оның ішінде 1267-і «Еңбек» бағдарламасы аясында белсенді шараларға бағытталғандар.
Жұмыс іздегендер үшін жолығуға болады: Ш.Уалиханов көшесі, 12 А. Телефон: 44-57-55