Бос лауазымға орналасуға ашық байқаудың қорытындысы бойынша қаланың алты мектебінің басшылары тағайындалды

Бос лауазымға орналасуға ашық байқаудың қорытындысы бойынша қаланың алты мектебінің басшылары тағайындалды
18.01.2018 Жалпы

12.01.2018 жылы «Халықтық кеңсе» ғимаратында Ақтөбе қаласының мектептері басшыларының бос орындарына арналған ашық конкурс өтті. Конкурс ҚР БжҒМ 21.02.2012 жылғы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №173 бұйрығымен бектіліген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде өткізілді. Білім беру саласында кадрлық саясат жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындау барысында әңгімелесу кезеңі БАҚ шақыру арқылы және бейнетсапаға түсіру арқылы өткізілді. 

Конкурстық комиссия үміткерлердің ұсынған құжаттарына және өткізілген әңгімелесу нәтижесіне қарай «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-сі Ақтөбе қаласы білім бөлімінің «№ 16 орта мектебі» КММ директоры қызметіне - Ожерельева Эльвира Шамильевна ұсынылды. Эльвира Шамильевна тарих пәнінің мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілі – 26 жыл, тағайындалғанға дейін аталған мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

«№ 34 орта мектебі» КММ директоры қызметіне - Айзакова Алима Жолмуратовна ұсынылды. Алима Жолмуратовна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілі – 24 жыл, тағайындалғанға дейін Ақтөбе политехникалық колледжінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 

«Сазды орта мектебі» КММ директоры қызметіне – Калыбаева Задагуль Боранбаевна ұсынылды. Задагуль Боранбаевна физика және математика пәнінің мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілі – 23 жыл, тағайындалғанға дейін аталған мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

«Благодар ОМ» КММ директоры қызметіне - Султанова Асель Утегеновна ұсынылды. Асель Утегеновна бастауыш класс мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілі – 16 жыл, тағайындалғанға дейін № 55 орта мектебі директорының бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

«Ә.Бөкейханов атындағы №67 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры қызметіне - Байдрахманова Нуржамал Сайлауовна ұсынылды. Нуржамал Сайлауовна бастауыш класс пәнінің мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілі – 18 жыл, тағайындалғанға дейін Ақшат бастауыш мектебінің меңгерушісінің қызметін атқарды.