Болашақтың жарқын бағыты – латын әліпбиі

Болашақтың жарқын бағыты – латын әліпбиі
28.09.2018 Білім

Бүгін «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастыруымен қалалық әкімдік ғимаратында «Латын әліпбиіне көшу – жарқын болашаққа жаңа қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мекеме басшысы А.Юнисованың төрағалығымен өткен жиынға мемлекеттік қызметкерлер, облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілі және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Н.Сәдуақас қатысты. Аталған шараға қатысушылар мемлекеттік тілдің болашағына қатысты сұрақтар қойып, оны дамытудың тиімді шарттары жөнінде өзара пікір алмасты. Жиын соңында ұсыныстар айтылып, мекемелерге тапсырмалар берілді.