
Бизнес субъектілердің назарына! Карантин режимін жеңілдету жөніндегі Жедел штаб шешіміне сәйкес, 1 мамырдан бастап қызметіне рұқсат берілген бизнес субъектілер келесі нұсқаулықтарды сақтауы қажет:
- Жұмыс уақытын 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеу;
- Объектілерде санитарлық тәртіпті сақтау бойынша нұсқаулықты басшылыққа алу. Аталған нұсқаулық әкімдік сайтында орналастырылған: (akt.gov.kz)
- Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы жұмыс тобымен берілетін объектінің дайындық актісін алу.
Егер Сіз қандай да бір себептермен нұсқаулықты немесе дайындық актісін ала алмасаңыз, бекітілген сектор штабымен байланысуыңыз қажет.
Жедел желі телефондары: 8 (7132) 41-63-97, 8-708-121-0185