Бизнес субъектілердің назарына!
29.04.2020 Жалпы

Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі тапсырмасын орындау мақсатында, Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Жедел штаб қызметтің жекелеген түрлеріне карантин режимін жұмсарту туралы шешім қабылдады.

2020 жылдың 1 мамырынан бастап, келесідей қызмет түрлеріне рұқсат етіледі:

- өндірістік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылысы, көлік компаниялары, банктер және қаржы ұйымдары, халыққа және автокөліктерге қызмет көрсету орталықтары;

- сауда және қызмет көрсету салалары: азық-түлік дүкендері, дәріханалар, оптика, ательелер, ломбардтар, айырбастау пунктері, нотариалдық қызметтер, сақтандыру қызметтері, фотосалондар, киім жуу және химиялық тазалау орындары, кілем тазарту, аяқ киім жөндеу, кеңсе техникаларын жөндеу шеберханалары, техникалық бақылау стансиялары, дөңгелек жөндеу, көлік жуу нысандары;

- гүл сату, құрылыс дүкендері, көшеттер сату, автосалондар мен тұрмыстық техника дүкендері;

Жоғарыда көрсетілген объектілердің жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.

Бұл мәселе бойынша қалалық штаб объектілерде санитарлық тәртіпті сақтау бойынша нұсқаулықтар әзірледі.

Объектілердің иелеріне мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ, комиссия мүшелері қала аумағында бекітілген учаскелер бойынша жұмыс жүргізетін болады. 2020 жылдың 29 сәуірі мен 1 мамыры аралығында жұмыс топтары нысандардың дайындығына мониторинг жүргізеді. Жұмыс тобының құрамына әкімдіктердің, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының және қоғам өкілдері кіреді.

Мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы объектінің дайындық актісін шығарады, бұл құжат субъектінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.

Сауда саласындағы объектілерге арналған нұсқаулық

Қызмет көрсету саласындағы объектілерге арналған нұсқаулық

Қызмет көрсету саласындағы объектілерге арналған нұсқаулық