Биылғы «Бақытты бала» байқауына 500 бала қатысуға ниет білдірген

Биылғы «Бақытты бала» байқауына 500 бала қатысуға ниет білдірген
11.07.2019 Жалпы

Биылғы жылы аталмыш байқау құтты мекеніміз - Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай қала әкімдігінің, «Димаш-Әли» продюсерлік орталығының қолдауымен 2019 жылғы 10-14 шілдесі күндері аралығында Ақтөбе қаласында екінші рет өткізілгелі отыр.

31 мамырға дейін қабылданған өтініштердің нәтижесі бойынша фестиваль-байқауға 500 аса үміткер қатысуға ниет білдірген. Оның ішінде Қазақстан қалаларынан басқа Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Молдава, Түркия, Греция, Польша тіпті Канада мемлекеттерінен өтініштер бар. Байқау ережесіне сәйкес, 10-15 жас аралығындағы қатысушыларды 2 кезең бойынша сайыс күтіп тұр. Алғашқы кезеңде ұйымдастыру комитеті аудио, видео материалдар арқылы қашықтықтан тыңдау арқылы іріктеді. Байқау финалына үздіктердің үздігі іріктеліп алынды. Финалға өткендер екі шығарма – өз ана тіліндегі және әлемдік хит (немесе авторлық ән) орындап, өнер қайраткерлері, мәдениет саласының қызметкерлері мен сарапшылары, сондай-ақ эстрада жұлдыздарынан құралған қазылардың шешімімен қорытындыланып, гала концертте жарияланатын болады. Фестивальдің сыйлық қоры 2,0 млн. теңгені құрайды.