Білім беру ұйымдарының оңтайлы имиджын қалыптастыру

Формирование оптимального имиджа образовательных организаций
12.01.2018 Жалпы

Бүгін № 60 ЖББОМ мәжіліс залында Ақтөбе қаласы әкімі И.С.Испановтың қатысуымен «Білім беру ұйымдарының оңтайлы имиджын қалыптастыру үшін  әлеуметтік желілерді пайдалану» тақырыбы бойынша семинар өтті. 

Семинарға мектеп және қосымша білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинардың басты мақсаты – білім беру ұйымдарының жүргізіп жатқан жұмыстарын әлеуметтік желілерде жариялай отырып, халық арасында білім беру ұйымдарының оңтайлы имиджін қалыптастыру және осы жұмыстар арқылы мұғалімдердің қоғамдағы дәрежесін көтеру.  

Білім беру ұйымдарының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етіп, тиімді жұмысжүргізіпжатқан білім беру мекемелері бар. Осы жұмыстар бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісіп №  60 жалпы білім беретін орта мектеп директоры Абзал Тажимишев хабарлады. 

 

1

 

Сонымен қатар, №60 жалпы білім беретін орта мектептің Инстаграм парақшасының модераторы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мейрамгүл Тұрғанбаева сөз сөйледі.

Семинар барысында «Әлеуметтік желі...» тақырыбымен SMM маманы, «Digital life» бағдарламасының тренері Динара Жаналина ақпараттандырды. 

Талқылау нәтижесінде Семинар соңында әр білім беру мекемесі басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

  1. № 60 жалпы білім беретін орта мектеп тәжірибесін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы білім беру ұйымдарының оңтайлы имиджін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу.
  2. Әр білім беру мекемелерінде «PR менеджерлер» тобын құру арқылы, қоғамда болып жатырған оң іс-әрекеттерді халық  арасында насихаттап отыру.