Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру

Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру
06.12.2018 Мемлекеттік басқарма

Мемлекет басшысының жолдауында Қазақстанның табысты дамуы прогресі айқындалып, жаңа міндеттер қойылды. Негізгі басымдық - қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, бұл табыс пен өмір сүру сапасының артуы.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге көбейеді – яғни 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін.

Осыған байланысты, төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеру  жөніндегі өңірлік штаб құрылды.

Кәсіпорындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақтөбе қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Р.А.Айдашева, экономика басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева, сондай-ақ, еңбек инспекциясы басқармасы және мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналыстың қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар берілді және Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды шешудің жолдары айқындалды.