Балалар үйінен шыққан екі отбасының өз үйі болады

Балалар үйінен шыққан екі отбасының өз үйі болады
13.04.2018 Жалпы

Ақтөбе  облысының әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша қалада жетім  және  ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша кешенді іс-шаралар іске асырылуда.

Аталған шаралардың мақсаты – жетім балаларға әлеуметтік – патронаттық қолдау қөрсету, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ балалардың ашық шоттарына ақша жинауына ат салысу.

Ақтөбе қаласының әкімдігі де осы балаларға қолдау көрсетуге  белсенді түрде  ат салысуда. Жақында балалар үйінің түлектері Акиев Тимур Курманович пен Фырфа Дарья Александровна қала әкімі Ілияс Испановқа өз өтініштерін жолдап, үй алуға жетпей тұрған қаражатпен жәрдем берулерін сұрады.

Бүгін қала әкімі Іляс Испанов Кірпішті ауылында орналасқан «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығына барды. Онда ол аталған санаттағы балалардың жағдайымен танысып, сондай-ақ, балалар үйінің түлектері - 1992 жылғы Акиев Тимур Курманович пен 1992 жылғы Фырфа Дарья Александровна 700 000 теңгеден 2 сертификат ұсынды. Дарья мен Тимурдың отбасылары бар, пәтер жалдап тұрады. Бірнеше жыл бұрын «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкі» АҚ АФ шот ашып, тұрғын үй алуға қаражат жинай бастады. Енді Акиев Тимур Курманович пен Фырфа Дарья Александровнаның отбасылары  Ақтөбе қаласының жаңадан құрылған «Алматы» немесе «Астана» аудандарынан тұрғын үй алуларына болады.    

Аталған жұмыстарды қалалық әкімдік жалғастыруда.