Балалар мектепке баруға міндет - бұл сот шешімі

Балалар мектепке баруға міндет - бұл сот шешімі
03.03.2018 Білім

2017-2018 жылғы оқу жылының басында Ақтөбе қаласының білім беру ұйымына қатысты жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес, мектеп киім үлгісін сақтамай отырған оқушы қыз балалар саны - 179 болды.

Мектеп киім үлгісін сақтамай жүрген оқушылардың ата-аналарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қазіргі күнге дейін жүргізіліп отыр. Сол атқарылған жұмыстын нәтижесінде қала бойынша 111 оқушы қыз бала мектеп формасына ауысып, кимешек, орамалын шешті, ал 21 оқушы қыз бала отбасылық жағдайларына байланысты басқа облыстарда орналасқан оқу орындарына ауыстырды. 1 оқушы денсаулық жағдайына байланысты үйде білім алады. 2-і емдеу мекемелерінде ұзақ мерзімді емделуде.

Бүгінде, Ақтөбе қаласындағы білім беру ұйымдарында 44 оқушы қыз балалар орамал тағып келіп жүр.   

Мектеп формасына қатысты № 40, 49, 13, 36, 62, 23, 8, 60 және 48 орта мектеп ұйымдарының басшылары «баламды мектепке кіргізбеді» деп ата-аналары сот процесіне тартты, алайда Ақтөбе қалалық соты мектеп директорларының әрекетін заңсыз деп тану туралы арыздарын қанағаттандырусыз қалдырды. 

Білім саласын бақылау департаментінде қазіргі таңда 17 құжат тексеру үстінде. 6 құжат бойынша хаттама толтырылып, ата-аналарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409 бабы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік жаза қолданып, айыппұл салынды.