«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша қабылданған өтініштердің нәтижелері
01.04.2020 Жалпы

Ақтөбе қаласында биылғы жылдың 12 мен 20 наурызы аралығында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана кезегінде тұрған азаматтардан өтініштер қабылданды. Жалпы саны 1705 өтініш қабылданды. Бағдарламаға қатысушы үміткерлердің тізімі мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін  жергілікті атқарушы органға өтініш берген күніне байланысты құрылды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасымен тұрғын үй сатып алуға 243 лимит бөлінді: оның 121-і көп балалы отбасыларға және 122-і халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).

Құрметті ақтөбеліктер!

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне төлем қабілеттілігін тексеру үшін жіберілетін 243 азаматтың тізімін ұсынамыз. Тізімде көрсетілген азаматтар қаладағы төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жүгіне алады. Жолдама бір ай мерзімге жарамды. Төлем қабілеттілігі расталмаған жағдайда, тізімге сәйкес келесі тұрған үміткерлер кезек ретімен жіберілетін болады. Бағдарламаға қатысушылардың толық тізімімен төменде таныса аласыздар.

«Көпбалалы отбасы» санатындағы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылардың тізімі

«Халықтың әлеуметтік осал топтары» санатындағы «Бақытты Отбасы» бағдарламасына қатысушылардың тізімі "