«Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі!» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік жоба Ақтөбеде жалғасуда

Социальный проект в рамках программы «Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі!» продолжается в Актобе
13.02.2018 Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

Облыс әкімі  Б.Сапарбаевтың бастамасымен аймағымызда 2018 жыл бала жылы болып жарияланды. Аталған жобаны іске асыруда Ақтөбе қаласында  «Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі!» ұранымен жыл бойы түрлі шаралар өткізіледі. Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қолдау бағдарлама бағыттарының бірі болып қала береді.

Қазіргі таңда, Ақтөбе қаласы мен оған қарасты ауылдық округтардың 220 жетім баласына қала әкімі мен орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен  коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, ауылдық округ әкімдері, олардың орынбасарлары, маслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер демеушілік қолдау көрсетіп отыр.

Әлеуметтік жобаға қатысуға ниет білдірген жетім балалардың өміріне бей-жай қарамайтын ақтөбеліктер саны артуда. Олардың ішінде кәсіпкерлер, мемлекеттік және бюджеттік мекемелер бар.

 

Социальный проект в рамках программы «Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі!» продолжается в Актобе

 

Осы аптада «Стройреклампроект» (директор-Баян Халетова) қаладағы орта мектептің 7 класс оқитын Рустам есімді баланың Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына ақша салумен қатар, онымен танысып, туылған күнімен құттықтап, сыйлық табыс етті.

Аталған жұмыстарды қалалық әкімдік жалғастыруда.

Барлық сұрақтар бойынша akimat@akt.gov.kz хабарласыңыз.

Портал жұмысына қатысты сұрақтар бойынша admin@akt.gov.kz хабарласыңыз.