Ауылшаруашылығы қызметкерлері, ауыл тұрғындары дауыс берді

Ауылшаруашылығы қызметкерлері, ауыл тұрғындары дауыс берді
09.06.2019 Жалпы

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы қызметкерлері Кеңес Нокин атындағы тұрғын үй массивіндегі Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжіндегі №94 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары, ауыл шаруашылығының қызметкерлері, ардагерлер дауыс берді.

Сайлау учаскесінде 1181 сайлаушы бар. Оның 20-нан астамы - алғаш дауыс беретін жастар.

Ауылшаруашылығы – ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші салалардың бірі. Ауылшаруашылығы саласында еңбек еткендер, осы салада жұмыс жасайтын азаматтар бүгінгі шешімдері келешекке қызмет етеріне бек сенімді, жерлестерін сайлауға белсенді қатысуға шақырады.