АУЛАЛАР АБАТТАНДЫРЫЛУДА
07.07.2020 Жалпы

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес,биыл Ақтөбеде  көпқабатты  үйлердің  100 ауласы жөнделеді. Аулаішілік жолдар асфальтталып,воркауттар,балалардың ойын алаңдары және спорттық алаңдар орнатылады. Бұл жұмыс қазір жүріп жатыр.  Қайта жаңғырту жоспарына енген  101-атқыштар бригадасы көшесіндегі абаттандырылған аулалардың бірін бүгін қала әкімі Асхат Шахаров БАҚ өкілдерімен бірге барып көрді.

"Заманауи қалалардағы аулалар осындай болуы керек. Бұл облыс әкімінің тапсырмасымен жасалып жатқан жұмыс. Жасыл төсеніші бар футбол алаңы,әткеншектер,воркаут алаң тұрғындар үшін жасалды. Болашақта көпқабатты үйлердің аулалары осы үлгімен абаттандырылады. Ал жасап берген заттарды күтіп ұстау тұрғындардың өздерінің міндетінде",- деді Асхат Шахаров.

Тұрғындардың қуанышында  шек болмады. Балалар да қала әкіміне алғыс айтты.