АУЛАДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР КЕСІРІНЕН АДАМ ӨМІРІН ҚҰТҚАРАТЫН УАҚЫТ ЖОҒАЛАДЫ
24.12.2020 Жалпы

Жыл сайын Ақтөбе қаласының аумағында 500-ден астам техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркеледі. Оның ішінде 80 пайызы тұрғын үйлерде болатын өрт оқиғаларын құрап отыр. Өрт сөндіру машиналары оқиға орнына жеткен кезде кедергілерге тап болып, уақыт жоғалтады. Көпқабатты үйлердің тұрғындары өтетін жолға көліктерін немесе блок тастар қойып бітеп тастайды. Жедел жәрдем көліктері де өте алмайтын кездер жиі болады. Ал адам өмірін құтқару кезінде әр секунд маңызды.
Сондықтан, төтенше жағдайлар басқармасы, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметкерлерімен және КСК өкілдерімен бірлесіп, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында рейдтік шаралар жүргізуде. Бүгін аталған жұмыс Алтынсарин, Ломоносов көшелерінің аулаларында басталды. Бұл жұмыс жалғасатын болады. 
Құрметті қала тұрғындары! Көлікті аулаға қоймас бұрын, өрт болған жағдайда сіздің көлігіңіз өрт сөндіру техникасының немесе жедел жәрдемнің жолына кедергі болмайтын жағын қарауыңызды сұраймыз.