АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ КЕРЕК
05.01.2020 Жалпы

Бүгін Ақтөбеде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлерден өтініш қабылдаудың бірінші күні өтті деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ережесіне жаңа жылдан бастап өзгерістер енгізілген болатын. Қала әкімі Мавр Абдуллин жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып, өтініш қабылдау рәсімін көрді. Шаһар басшысы тұрғындармен тілдесіп, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ ол жақын күндері атаулы әлеуметтік көмектің жаңа ережелерін түсіндіру мақсатында жиын өтетінін мәлім етті.  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал Тұрмағамбетова тұрғындарға заңнамаға енгізілген өзгерістерді  түсіндіріп берді.

«Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға қойылатын негізгі талап – еңбек ету. Егер баланың ең кенжесі үш жасқа толған болса, отбасындағы еңбекке қабілетті ересек адам ресми түрде жұмысқа тұруы керек. Яғни, ата-ана жұмыс істеуі тиіс. Жаңа жылдан бастап енгізілген тағы бір өзгеріс, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы әр тоқсан сайын табысын растау туралы құжат тапсырып отырады», — деді Мақпал Тұрмағамбетова. 

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмекке жүгінушілердің көп болуына байланысты, тегінің (фамилия) алғашқы әрпі бойынша қабылдау жүргізіледі: А, Ә (әрпі) – 5-6 қаңтар; Б, В (әрпі) – 8-9 қаңтар; Д, Г, Ғ(әрпі) – 10 қаңтар; Е Ж, З (әрпі) – 13 қаңтар; И, І, Й (әрпі) – 14 қаңтар; К, Қ(әрпі) – 15-16 қаңтар; Л, М (әрпі) – 17 қаңтар; Н, О, Ө, Р, П (әрпі) – 20-21 қаңтар;  С, Т (әрпі) – 22-23 қаңтар; У, Ү, Ұ, Ф, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ы, Э, Ю, Я (әрпі) – 24 қаңтар;  Тағайындау мүмкіндіктерін түсіндіру және қабылдау мақсатында Ақтөбе қаласында 4 пункт жұмыс жасайды.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы, сағат 9.00-18:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-14:00: 

1. «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (Ш. Уәлиханова көшесі 12А);

2. Халықтық кеңсесінің 1 қабатында (Сәңкібай батыр даңғылы 249);

3. Ақтөбе қаласының Алматы ауданы әкімдігі (Қарғалы кенті, 60 лет Октября көшесі 70Б, «ЕХРО» ғимараты);

4. Ақтөбе қаласының Астана ауданы әкімдігі (Сәңкібай батыр даңғылы 145Б);