«Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән әнсамблі – Бас жүлдеге ие болды!

«Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән әнсамблі – Бас жүлдеге 🏆 ие болды!
29.10.2019 Мәдениет және спорт

Ұлттық өнерді ту еткен «Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән ансамблі Алматы қаласында өткен "ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ӨРЕСІ БИІК" атты IV республикалық ата-апалар арасындағы өнер байқауында өнер көрсетіп, көптің таңдауымен Бас жүлде – Гран –При 🏅 иегері атанды.

Республикалық байқаудың ұйымдастырушысы, идея авторы Гүлмира Нәлібай, «Мереке» шығармашылық орталығының жетекшісі М.Смайлованың, «ҚР Еңбек сіңірген әртісі» бас сарапшы Сұлушаш Нұрмағамбетқызының төрағалығымен зейнеткерлер 🎀 арасындағы байқау биік деңгейде өтті.

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан құрылған Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән әнсамблі байқаудың нәтижесі бойынша 9 номинация 🎼 бойынша үздік атанып, әділқазылардың сүйіспеншілігіне бөленді.

Атап айтсақ:

1. «Бата беру» номинациясы - Ырсалы Имұхамбет;

2. «Ақындық өнер» номинациясы – Ундирбаева Дәметкен;

3. «Жеке дауыс» номинациясы - Жұбатқанова Жанар;

4. «Жеке дауыс» номинациясы – Дильманов Сағынжан;

5. «Дәстүрлі ән» номинациясы – Нұржанова Күлән;

6. «Жеке дауыс» номинациясы - Қуан Қамалхан;

7. «Хормен ән салу» номинациясы - «Асылым» аналар ән ансамблі;

8. «Дуэт» номинациясы – «Атамекен – Асылым» ардагер аталар мен аналар «Халықтық» ән ансамблінің дуэті; (Ж.Жұбатқанова, С.Бекболатов).

9. «Квартет» номинациясы - Қ. Сағынова, С.Ділманов, Ж.Жұбатқанова, С. Бекболатов.

🎈Бас Жүлде "ХОРМЕН ӘН САЛУ» номинациясы бойынша «Атамекен - Асылым" ардагер аталар мен аналар «Халықтық» ән ансамблі иеленді.

Кәсіби деңгейде өнер көрсеткен қос ұжымға әділқазы мүшелері алғыс 🎉 білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

🎈Қос ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Халықаралық және Бейбітшілік Әлемі творчестволық бірлестігінің "Мәдениет майталманы" медалінің иегері Қ.Сағынованың еңбегі зор.

🎈Ансамблдің музыкалық көркемдеушісі әрі сүйемелдеушісі С.Бекболатов.

Жанкешті еңбек етіп, өнерін ұштаған қос ұжымға ⚘ шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық 🎀 тілейміз!