Ата-аналар күніндегі автобустардың қозғалысы туралы

Ата-аналар күніндегі автобустардың қозғалысы туралы
10.04.2018 Қоғам

«Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС 2018 жылдың 14-17 сәуір аралығында өтетін «Ата-аналар күні» - Орталық базардан қалалық зиратқа дейін «Орталық базар - қалалық зираты» белгісімен орташа сыйымдылығы «ПАЗ» маркалы үш автобус жүргізетінің хабарлайды. 

Орталық базардан кету уақыты: сағат 9: 00-ден 17: 00-ге дейін, әр сағат сайын. 

17 сәуірде қажет болған жағдайда автобустардың саны ұлғайтылатын болады.

Қозғалыс бағыты: Орталық базар (Ахтанов көшесі) – Пушкин ат. саябақ (Шернияз көшесі) - Жамбыл (Шернияз көшесі) - Жуковский (Жанқожа батыр көшесі) - Бақшалар (Жанқожа батыр көшесі) - Взрывпром (тас жол бойында) - қалалық зираты.