“Асыл әжелер» Ақтөбеге табыспен оралды

“Асыл әжелер» Ақтөбеге табыспен оралды
09.11.2019 Жалпы

 «Геолог» мәдениет Үйінің Халықтық «Асыл әжелер» ән ансамблі Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» атты Халықаралық фестиваль-байқауда жүлделі І-орынды иеленді. Халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтып, үлес қосқаны үшін ұжым жетекшісі Сейітова Бибігүл Құлмұханбетқызы «ӘЛЕМНІҢ МЕЙІРІМДІ АДАМЫ» атты медалімен, ансамбль құрамындағы барлық әжелер «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» медалімен және Алғыс хаттармен марапатталды.         

Халықтық «Асыл әжелер» ән ансамбліндегі  әжелер 60-75 жас аралығында болса да өнерге өте жақын жандар. Биік рухымен, жігерімен  кейінгі жас буынға үлгі болып жүрген «Асыл әжелер» ансамблін  9-қарашада Ақтөбедегі темір жол вокзалында жерлестері зор құрметпен күтіп алды. Шығармашылық ұжымға табыс тілейміз!