Астана ауданы әкімі Бағжан Тілегенов мүмкіндігі шектеулі балаларға ақшалай сертификат берді

Астана ауданы әкімі Бағжан Тілегенов мүмкіндігі шектеулі балаларға ақшалай сертификат берді
18.10.2019 Жалпы

Бүгін Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының әкімі Бағжан Тілегенов «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігіне барып, ақшалай сертификаттар табыстады.

Жетекшісі Ботагөз Дүйсекова әкімге бірлестіктің қызметін таныстырды.

Мемлекет тарапынан мүгедектерге қамқорлық көрсету, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстанда мүгедектер күні атап өтіледі.

«Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі 2011 жылдың 8 маусымында мемлекеттік тіркеуден өтті. 2012 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қатысады. Қоғамда 400-ден астам мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы есепте тұр. Қазіргі уақытта үйде күтім көрсету қызметін 94 бала, жартылай стационар жағдайында 20 бала алады.

Ақтөбе қаласының «Астана» ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдар саны – 6 223, мүгедек балалар саны – 2 139.

Біздің мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандардың жеткілікті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, олардың елдің саяси, қоғамдық және мәдени өміріне қатысуы үшін құқықтық, заңнамалық тетіктер құрады.

Қоғамға, бізге тек бір ғана талап-тілек –  әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі болып қалған жандарға мейірімді болу.