Асхат Шахаров Конституция күні қарсаңында  белсенді қоғам өкілдерін марапаттады
28.08.2020 Жалпы

    Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында бірқатар еңбек ардагерлеріне, өнер адамдарына, қайырымдылық істерге үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге «Қазақстан Конституциясына - 25 жыл» мерекелік медалін табыстады. «Ата заңымыз 25 жыл уақытта қоғамның дамуына кепіл болып келеді, елімізде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың құқықтарын тең қорғап, Қазақстанның біртұтас мемлекет ретінде әлемде танылуына үлес қосты. Конституцияны қорғау және құрметтеу – қоғамның әр мүшесінің азаматтық парызы. Қазіргі күрделі кезеңді өткеріп, қаланың дамуына бірге қызмет етейік», - деп атап өтті қала басшысы. 
    Асхат Шахаров  ҚР Конституциясын құрметтеуде өнеге болған, контитуциялық құқықтарды, елдің бірлігін нығайтуға үлес қосқан 22 ақтөбелікке «Қазақстан Конституциясына - 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Олардың арасында қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, қазақ суретшісі, қоғам қайраткері Мәрзия Жақсығарина, «Нұр ғасыр» орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан, кәсіпкер Шамиль Каспранов, қалалық мәслихат депутаты Серік Әліпов және тағы басқа да еңбегі еленген бір топ азаматтар бар.