Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді
08.10.2019 Жалпы

Сейсенбі күні, 8-қазанда «Рахат» мейрамханасында білім саласының бір топ ардагер ұстаздарын құттықтап, сый-сыяпат көрсетілді.

Ардагер ұстаздар бас қосқан мерекелік шараны Ақтөбе қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақтар ұйымы ұйымдастырды.

Мерекелік басқосуда білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Л.Уралбаева ардагер ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, биылғы оқу жылында зейнеткерлікке шыққан ұстаздарға, ардагер ұстаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Шарада ұйымдастырушылар жиналғандарға жүрекжарды лебізін айтып, облыстың, қаланың білім беру саласына үлес қосқан ұстаздарға алғысын білдірді.

Мерекелік шарада ұстаздарға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды. Сондай-ақ өнер ұжымдарының өнерпаздары ұстаздарға концерттік бағдарлама ұсынды.