АПАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢАҚОНЫСТАН САЛЫНАТЫН ЖАҢА БАСПАНАҒА КӨШЕДІ

АПАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢАҚОНЫСТАН САЛЫНАТЫН ЖАҢА БАСПАНАҒА КӨШЕДІ
08.11.2019 Жалпы

«Жастар Құрылыс компаниясы» ЖШС Жаңақоныс ауылында 250 пәтерлі көпқабатты 5 үй салады. Қаланың ең өзекті мәселелерінің бірі — апатты жағдайда тұрған ескі үйлер. Қазіргі уақытта шаһарда апатты деп танылған 17 көп пәтерлі тұрғын үй тіркелген. Шамамен ол үйлере 540 адам тұрып жатқандығы анықталды. Апаттық үйлердің мәселесі мемлекет пен жекеменшік серіктестігі шеңберінде шешу қаралуда. Құрылысы сәтті аяқталғанда апатты деп танылған 17 үйдің тұрғындарын Жаңақоныстың «Сәттілік» тұрғын үй кешеніндегі жаңа баспаналарға көшіру жоспары бар. Қазіргі уақытта құрылыс компаниясы тұрғын үй құрылыс аумағын дайындап жатыр.  Құрылысты жобалаушы - «Рудстрой ЛТД» ЖШС. 5 үйдің жалпы ауданы — 19,3 мың шаршы метр.