Апатты тұрғын үйлер мәселесі талқыланды

Апатты тұрғын үйлер мәселесі талқыланды
09.10.2018 Жалпы

«Хабар» телеарнасы «Online» атты ток-шоу аясында Қазақстандағы апатты тұрғын үй тақырыбын талқылады. Атап айтқанда, Ақтөбедегі күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үй қорының мәселесі көтерілді. Апатты  ғимараттардың тұрғындарының қоныс аудару мәселесі, сондай-ақ осы мәселені шешу үшін қолданылатын шаралар қарастырылды.Хабарға ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінен, Астана әкімдігінен өкілдер қатысты. Хабарда сондай-ақ Ақтөбе қаласының күрделі жөндеуді талап ететін тұрғын үй қоры, апатты үйлердің тұрғындарын жаңа жерге орналастыру, сондай-ақ осы мәселелерді шешу бойынша қолданылатын шаралар туралы сөз қозғалды. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов видеоконференция байланысы арқылы бағдарламаның қонағы ретінде сұхбат берді.