Анаға арналған шырша
01.11.2019 Жалпы

 «Анаға тағзым» орталығының алдына көпбалалы аналармен бірге қалалық мәслихат депутаттары шырша отырғызды. Тал егу шарасына қала әкімі Мавр Абдуллин қатысты.       

— «Эльмира» шаруа қожалығының орманды алқабынан әкелінген 35 шыршаны отырғызамыз. Әр шыршаға аналарымыздың, әжелеріміздің есімдері жазылған тақтайша ілеміз. Бұл — анаға деген құрметіміздің бір белгісі. Мен өзім отырғызған шыршаға маркұм анам Күмістің атын бердім. Ниет еткен тұрғындарды осындай игі шараға қатысуға шақырамыз, — деді қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова.      

Айта кету керек, көп балалы аналар осы алаңқайға бұған дейін 17 түп жұпаргүл және 17 түп шетен ағашын еккен.