,, Амал мерекесі құтты болсын, Елім, жұртым қадірлі аман болсын!"

,, Амал мерекесі құтты болсын, Елім, жұртым қадірлі аман болсын!"
14.03.2019 Жалпы

2019 жылдың 14 наурыз күні ,,13 орта мектебі" КММ де Амал мерекесі қарсаңында көшеге Әлихан Бөкейханның атауын беруіне орай ,, Амал мерекесі құтты болсын, Елім, жұртым қадірлі аман болсын!" тақырыбымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Амал мерекесіне түсінік беру, Алашорда қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы ӘлиханБөкейханды ХХ ғасырдың еңкөрнекті тұлғаларының бірі деп қарастырып, оның орасан мол мұрасын ұрпаққа түсіндіре отырып, оның артта қалдырған орасан мол мұрасына бой көтере келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін ояту,ұлт тәуелсіздігі мен мемлекетінің жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесін келешек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде тәрбиелей көрсету.Аталған шара аясында ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын салт-дәстүрлер,ұлттық ойындар:арқан тартысу,қол күрес,гір тасын көтеру түрлері бойынша мектеп оқушылары өнер көрсетті.Шараға Алматы ауданының әкімі Әлімбаев Алмаз Аманбайұлы,қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Қуан Хамза Қазиxанұлы,қалалық маслиxат депутаты Бекенова Алмагүл Шубаевна және мектепке қарасты көшелерінің тұрғындары қатысты.Мерекеде дүйім жұрт көрісіп,бір-бірлеріне тамаша тілектерін жаудырды.Ұлттық тағамдар әзірленіп. Наурыз көже пісіріліп,жиналған қауымға ұсынылды.