АЛТАЙ ТАЙЖАНОВ – философия ғылымдарының докторы, профессор, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінің «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі.

АЛТАЙ ТАЙЖАНОВ – философия ғылымдарының докторы, профессор, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінің  «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі.
20.03.2019 Жалпы

АЛТАЙ ТАЙЖАНОВ – философия ғылымдарының докторы, профессор, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінің  «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі.

2019 жылдың 19 наурызында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еліміз бен жалпы халқымыз үшін аса маңызды мәлімдеме жасады. Ол өзінің Президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын жариялады. Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен қатар осы жылдар ішінде еліміздің дамуы үшін, оның әлемдік аренаға танылуы үшін қолынан келгенінің бәрін жасағанын, соның арқасында біздің Мемелекетіміз әлемдік қауымдастыққа танылып, экономикалық, әлеуметтік – саяси, құқықтық тұрғыдан белгілі даму деңгейіне  жеткендігін де мәлімдеді. Сондай-ақ біздің Мемлекетіміздің білім беру, спорт, мәдениет салаларында айтарлықтай жетістікке жеткені еліміздің егемендігінің, тәуелсіздігінің арқасы екенін, ендеше болашақта да тәуелсіздік туын биік ұстау қажеттігін ескертті. Ол өзінің Қазақстан халқын, қазақ ұлтын шын ниетпен құрметтейтінін, оларға зор сүйіспеншілікпен қарайтынын айта келіп, барша қазақстандықтарға алғысын  білдірді.
Бүгінгі күні Нұрсұлтан Назарбаев туралы ел ішінде, халықаралық деңгейде әртүрлі пікірлер білдіруде. Алайда бір нәрсе анық, ол тек қана Республикамызға, іргелес жатқан Мемлекеттерге ғана белгілі тұлға емес, әлемге танымал тұлға. Елімізді басқарған 30 жылдай уақыт ішінде біздің айтарлықтай жетістіктеріміз Мемлекет басшысы ретінде Н.Назабаевтың есімімен тікелей байланысты. Өйткені, біз, Президенттік Республикамыз, сондықтан барлық экономикалық, саяси-әлеуметтік мәнді істер Президенттің шешімімен, ұйғарымымен жүзеге асырылады. Президент Мемлекетіміздің барлық салалар бойынша  ең басты жетекші және жауапты тұлғасы. Сол себепті де қалың жұртшылық елімізде істеліп жатырған игі істерді де, келеңсіздіктерді де  оның есімімен байланыстырып қарайды, бұл қисынсыз да емес. Біздің еліміз өзінің барлық салалардағы жетістіктеріне  тұрақтылықтың, тұтастықтың, ауызбіршіліктің, бірегейліктің,  бірліктің  арқасында қол жеткізді. Бұл тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі аса зор екендігін жоққа шығаруға болмайды.  

Н. Назарбаев өзінің соңғы сөзінде Қазақстан халқына оның зиялы қауымына сыйластықпен, үлкен сеніммен қарайтындығына, болашақта Президенттік үлкен лауазымға келетін адамның біздің жетістіктерімізді әрі-қарай жалғастыруға қызмет ететініне сенім білдірді. Биылға жылды «Жастар жылы»деп жариялаған ол болашақ жастардікі екендігіне , алдағы уақытта билік басына, әлеуметтік – экономикалық салалардың тұтқасын ұстауға сол жастардың келетіндігін ескере отырып, оларға зор болашақ пен табыстар тіледі. Өзінің алдағы уақытта да халықпен бірге болатындығын,  Қауіпсіздік Комитетінің  және «Нұр Отан» партиясының төрағасы ретінде Мемлекетімідің саяси өмірінен тыс қалмайтындығын мәлімдеді. Ойымызды қорыта айтсақ, Нұрсұлтан Назарбаев билігі тұсында еліміздің жеткен жетістігін ешкім жоққа шығара алмасы анық. Сондай-ақ оның осы жылдар ішінде әлемге танымал тұлға болғандығы және Қазақстанның Жаңа тарихында оның өзіндік орны бар екені талқыға түспейтін ақиқат.