Алғашқы қоңырау соғылды

Алғашқы қоңырау соғылды
01.09.2018 Білім

1 қыркүйек – Білім күнінде Ақтөбе қаласының әкімі «Сымбат» жекеменшік мектебіне келіп, педагогтарды, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Бұл мектепте жаңа пилоттық жоба –тұңғыш рет жан басына қаржыландыру жобасы жүзеге асырылмақ.

«Сымбат» мектебі — қаламыздағы 2001 жылы ашылған жекеменшік білім беру ошағы. Айлық қызмет көрсету ақысы бастауыш сыныптар үшін 35 мың, ал жоғары сыныптар үшін 43 мың теңге. Соған қарамастан, бұл мектепке балаларын бергісі келетін қала тұрғындарының саны күннен-күнге артып отыр. «Сымбат» мектебінің 2016 жылы Батыс-2 шағын ауданында салынған жаңа ғимараты іске қосылды.Жартылай пансионат режиміндегі мектепке оқушылар таңертең 8.30-да келіп, кешкі 17.00-де үйлеріне қайтады. Балалар 3 мезгіл тамақтандырылады. Мектепте стандартты білім бағдарламасынан бөлек түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған мектеп балаларды математика бағытында даярлайды. Мектеп халықаралық стандарттарға сай үш тілде білім беру қызметін көрсетеді. Заманауи құралдармен жабдықталған мекемеде қала мектептері бойынша тұңғыш рет Жекеменшік мекеменің құрылтайшысы Рабиға Тасыбаевамен бірге Ақтөбе қаласының әкімі мектеп ғимаратын аралап көрді.