Ақтөбелік өнер майталмандары сайлауға қатысты

Ақтөбелік өнер майталмандары сайлауға қатысты
09.06.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласында сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасуда. №36 мектепте орналасқан №37 сайлау учаскесіне өнер, театр саңлақтары Мағзом-Шалқия Бақытжановтар келіп, дауыс берді.

Олар еліміз үшін маңызды күні өз құқығына жауапкершілікпен қарай отырып,дауыс беру міндетіміз деп санайды. Әсіресе, xалықпен етене араласатын мәдениет саласындағылар мұны ерекше ұғынып, өз таңдауын жасауы тиіс дейді.

№37 сайлау учаскесінде барлық сайлаушы -2807. 46-сі алғаш дауыс беруші. 4-уі - туған күн иелері. 105-і 70 жастан асқандар, оның ішінде екеуі - 90-91 жастағы қариялар. Үйден дауыс беретін сайлаушылар саны - 9.