АҚТӨБЕЛІК КӘСІПКЕР ӨЗ КӘСІБІН КЕҢЕЙТПЕК

АҚТӨБЕЛІК КӘСІПКЕР ӨЗ КӘСІБІН КЕҢЕЙТПЕК
11.11.2019 Жалпы

Сенбі, 9 қараша күні шаһар басшысы Мавр Абдуллин металл бұйымдарын шығаратын цехтың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қалада тек санаулы пандустар ғана қауіпсіздік талаптарына сай келетіні бәріне мәлім. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәсесімен Шахан Жолдасбаев жақын таныс. Оның «Пандус-Ок» ЖШС жеке кәсіпорны бар екен. Жұмысты сапалы орындайтын жас кәсіпкер өзінің өндірісін кеңейтпек. Оның жетекшілігімен металл бұйымдарын шығаратын цехтың құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысанда жоғары көтеретін платформалар, металл пандустарының барлық түрлері және аппарель, оңалтуға арналған техникалық құралдар мен санитарлық тораптарға арналған тұтқалар жасалады.

Соның нәтижесінде Шахан Жолдасбаев 7 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Нысан келесі жылдың басында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Жас кәсіпкер ғимараттың ішкі әрлеуі мен жылыту жұмыстарына көмек беруін сұрады. Қала басшысы жәрдемдесуге уәде берді.