Ақтөбелік аталар мен әжелер Алматыдан олжалы оралды
30.10.2019 Мәдениет және спорт

Ұлттық өнерді ту еткен «Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән ансамблі Алматы қаласында өткен  "ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ӨРЕСІ БИІК"  атты IV республикалық ата-апалар арасындағы  байқауда өнер көрсетіп, көптің таңдауымен Бас жүлде – Гран-При иегері атанды. Бүгін теміржол вокзалында Алматыдан олжалы оралған өнерлі аталар мен әжелерді жерлестері, өнер майталмандары, туыс-бауырлары, отбасылары зор ықыласпен, қошаметпен салтанатты түрде күтіп алды.

Айта кету керек, бұл республикалық байқаудың ұйымдастырушысы, идея авторы – Гүлмира Нәлібай, «Мереке» шығармашылық орталығының жетекшісі М.Смайлова мен «ҚР Еңбек сіңірген әртісі», бас сарапшы – Сұлушаш Нұрмағамбетқызының төрағалығымен ұйымдастырылған зейнеткерлер арасындағы байқау биік деңгейде өтті.
Ақтөбе  қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан құрылған «Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән әнсамблі байқаудың нәтижесі бойынша 9 номинация  бойынша үздік атанып, әділқазылардың сүйіспеншілігіне бөленді.

Атап айтсақ:

1.  «Бата беру» номинациясы бойынша - Ырсалы Имұхамбет;

2.  «Ақындық өнер» номинациясы  – Ундирбаева Дәметкен;

3. «Жеке дауыс»  номинациясы  - Жұбатқанова Жанар;

4.  «Жеке дауыс»  номинациясы  – Дильманов Сағынжан;

5.  «Дәстүрлі ән» номинациясы  – Нұржанова Күлән;

6.  «Жеке дауыс» номинациясы     -  Қуан Қамалхан;

7.  «Хормен ән салу» номинациясы -  «Асылым» аналар ән ансамблі;

8.   «Дуэт»  номинациясы  – «Атамекен – Асылым» ардагер аталар мен аналар Халықтық» ән ансамблінің дуэті;   (Ж.Жұбатқанова, С.Бекболатов).

9.  «Квартет» номинациясы бойынша – Қ. Сағынова, С.Ділманов,  Ж.Жұбатқанова, С. Бекболатовтар үздік деп танылды.

«ХОРМЕН ӘН САЛУ» номинациясы  бойынша Бас жүлдені «Атамекен - Асылым" ардагер аталар мен аналар «Халықтық» ән ансамблі иеленді.

Кәсіби  деңгейде өнер көрсеткен қос ұжымға әділқазы мүшелері алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Бұл ретте қос ансамбльдің көркемдік жетекшісі -  Халықаралық және Бейбітшілік Әлемі творчестволық бірлестігі "Мәдениет майталманы" медалінің иегері Қ.Сағынованың еңбегі зор екенін айтуымыз қажет. Ансамбльдің музыкалық сүйемелдеушісі – С.Бекболатов.

Еңбекте табыс биігінен көрінген аталар мен әжелеріміз осылайша сахна төрінде өнер көрсетіп, жастарға үлгі көрсетуде. Жанкешті еңбек етіп, өнерін ұштаған қос ұжымға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық   тілейміз!