Ақтөбедегі лифттер бақылауда

Ақтөбедегі лифттер бақылауда
06.02.2019 Мемлекеттік қызметтер

Қазіргі күні қалада 346 көп қабатты ғимараттарда 829 лифт бар. Олардың ішінде техникалық ақауларға байланысты 34 лифт пайдаланылмайды. 282 лифтінің нормативті пайдалану мерзімі өткен. Қала әкімдігі тұрғын үйлердің басқару органдарымен және белсенді тұрғындармен бірлесіп тұрғын лифттерді жөндеу мен ауыстыру бойынша шаралар қабылдауда. Барлығы 5 лифт ауыстырылып, 36 лифт жабдықтарының элементтері ауыстырылды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.