Ақтөбеде жүзуден ҚР чемпионаты өтті
24.11.2020 Жалпы

Оңдасын Оразалин Ақтөбеде жүзу спортынан өтіп жатқан  ҚР чемпионатына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин “Достық” су спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болды. Аймақ басшысы 22-29 қараша аралығында жүзуден өткізіліп жатқан  ҚР чемпионатына қатысушыларға сәттілік тілеп, Ақтөбенің намысын қорғауда баттерфляй  стилінде 50 м,100 м ,200 м қашықтықта 1-орынға қол жеткізген София Абубакирова  2- орында Диана Назарова, 3- орын Диана Тасжановаларға алтын, күміс, қола жүлделерді,  сондай- ақ 100м қашықтық эстафетасында Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының  құрамаларынан басым түсіп чемпион болған  Ақтөбе құрамасын марапаттады.
«Жеңіс пен талпынысқа ұмтылған әрбір қатысушыға сәттілік тілей отырып, өзге қалалардан жеткен  спортшыларға қош келдіңіздер деймін. Осы мектепте қазіргі таңда 800 ден астам бала  жүзумен айналысады, біз салауатты өмір салтын ұстанатын өскелең ұрпақ тәрбиелеуге бар күшімізді салудамыз. Қазақ елінің туын биікке көтерер мықты  спортшылардың  шығарына сенімім мол”,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин. Айтып өтейік, жарыс  2021  жылғы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін уақытша іріктеу нормативтерін орындау үшін ресми, біліктілік болып табылады.
Чемпионатқа  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысы  құрамасынан  13-25 жас аралығындағы 16 командадан  123 спортшы қатысуда.  Пандемияға  байланысты бір командаға 14 спортшыға дейін шектеу қойылған.
ҚР чемпинатының 2020 жылғы форматына сәйкес алдымен әйелдер арасында, одан соң ерлер арасынада өтеді.