Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр!
06.05.2020 Жалпы

6 мамыр, сәрсенбі. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  қала ішінде  жалпы көлемі 19,611 км- ді құрайтын Батыс-2 ш.а, Заречный-3, Сәңкібай батыр көшесі(Молдағұлова көшесінен 12ш/а-ғы айналмаға дейінгі аумақ), Бөкенбай батыр, Ж.Досмұхамедұлы,Заводская, Зинченко, Гарнизонная  көшелеріндегі жүргізіліп жатқан жолдардың жөнделу барысын бақылады.   Ақтөбеде автокөлік жолдарының ұзындығы 651км, оның 300 км асфальтты бетонмен жабдықталған.  Жалпы саны  97 көшені жөндеу жоспары жасалған. Карантиндік режимге қарамастан Ақтөбеде құрылыс жұмыстары  жалғасты. Қазіргі таңда  30 көшеде  жөндеу жұмыстары басталып кетті.  Ұзындығы 5,3 км құрайтын Арынов, Сәңкібай батыр, Мәңгілік ел көшелеріне қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Ол үшін  2,133 млрд тг бөлінген. Ал,135,3 км  жолға  күрделі және орта жөндеу жүргізіледі. Ол үшін 11,337 млрд қаралған. З км жол жаңадан салынады.  Жалпы 2020 жылы жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде қала және қала шетіндегі көлемі 171 км болатын  елдімекендердің жолдарын жөндеуге республикалық бюджеттен 13,9 млрд тг бөліну жоспарланған. Бұл өз кезегінде 2170 жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Қазіргі  таңда мемлекеттік сатып алу конкурсынан өткен  «Прогресс кз», «АқтөбеКапРемстрой», «АССАНА-ДорСтрой», «ЕрхатЖолдары», «ИнтехцентрЛТД»,  «Aqto'be Qurylys Engineering»   ЖШС-гі  мердігер мекемелер жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Мемлекеттік сатып алу процессі  мамыр айының ортасында толық аяқталады. Сол уақытта өзге де мердігер мекемелер белгілі болмақ. Аталған жолдарға жаяу жүргіншілерге арналған  тротуар, веложолдар, Led жарықтандыру, көгалды шөп төсеу сынды шаралар жасалады. Сәңкібай батыр  көшесіндегі жөндеу жұмыстары  бір жақ бетінде жүргізіліп, екінші жағынан  автокөліктердің жүруіне мүмкіндік берілген. Жұмыстың  тым баяу жүріп жатқандығын байқаған  аймақ басшысы Сәңкібай батыр көшесінен көліктердің жүруін тоқтатып жұмысты қарқындатуды тапсырды. Айтып өтейік, бұған дейін суағар жүйесі  Бөкенбай батыр көшесінің бір жақ бетінде ғана  болатын, орташа жөндеу жұмысы барысында суағар екінші жағына  да салынатын болады.  Бұл өз кезегінде жаңбыр, қардан жиналған судың ағып кетуіне мүмкіндік беріп, жолдың ұзақ сақталуына септігін тигізеді.  Жолдардың сапасы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесі  мамандарының  қатаң  бақылауында. Жылжымалы зертхана технологияның  сақталуын тексереді. Облыс  әкімі Оңдасын Оразалин қала басшысы Асхат Шахаровқа көліктердің ретсіздігін болдырмауды,  жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытында аяқталуын қадағалап отыруды тапсырды.