Ақтөбеде “Жастар есірткіге қарсы” акциясы өткізілді

Ақтөбеде “Жастар есірткіге қарсы” акциясы өткізілді
04.10.2019 Жалпы

2019 жылғы 3-қазанда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары және Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы полиция кадет класының оқушылары Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отыра «Жастар есірткіге қарсы» акциясын өткізді. Қаламызда есірткінің таралуына қарсы алдын алу мақсатында заңсыз есірткі сатумен айналысатын телеграм каналдарының адрестері боялды. Мақсат - зор денсаулық, терең ой мен білім – жарқын болашақтың кепілі. Есірткіге жол жоқ!