Ақтөбеде жастар Ардақ Назаровпен кездесті

Ақтөбеде жастар Ардақ Назаровпен кездесті
09.02.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мерейтойы аясында “Ақтөбеге сыйлық” жобасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Аралас жекпе жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуразияның 2 дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстанға еңбек сіңірген спортшы - Ардақ Назаров бүгін шаhар төрінде ақтөбелік жастармен кездесті. Кездесуге Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты.  

Студенттер сарайында өткен кездесу барысында студент жастар  мен мүмкіндігі шектеулі жандар атақты спортшыға, қала басшысына қызықты сауалдарын қойды. Қаламыздың белсенді жастары, қала тұрғындары қатысқан жиында салауатты өмір салтын ұстану, спортпен жиі шұғылдану керектігі туралы тартымды ұсыныс-тілектер айтылды.